07 желтоқсан 2020 11:20

Кибер оқу-жаттығулардың Қазақстандағы сайлауға қатысы жоқ - Министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда демалыста өткен кибер оқу-жаттығулардың 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Мәжіліс депутаттарын сайлауға қатысы жоқ. Бұл туралы Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сертификат Интернетке қолжетімділік болу үшін қажет. Техникалық жағынан мұны басқаша жасау мүмкін емес. Өткен жылы біз сертификатты қолдануға қатысты алғашқы жаттығуларды өткіздік, белгілі бір қорытынды жасадық. Биыл үлкен кибержаттығулар аясында біз бір тәулік ішінде сынап көрдік. Естеріңізде болса, өткен жылы бұл тест Нұр-Сұлтанда екі аптаға созылған болатын.

Бұл оқу-жаттығулар бізде жыл соңына дейін созылды. Жыл соңына қарай Қазақстанда сайлау 10 қаңтарда өткізілетіні белгілі болды. Сіздерге айтқым келетіні, біз жаттығуды жоспарлаған кезде сайлау күні туралы білмедік. Мұның сайлауға ешқандай қатысы жоқ", - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіқалықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети