18 сәуір 2024 | 20:59

"Киелі мекен" акциясы аясында жас буын бабалар рухына құрмет көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикалық "Киелі мекен" тазалық акциясы Жетісу облысының әр елдімекенін қамтып, ескерткіштер мен саябақтар абаттандырылып жатыр. Бүгін Көксу, Ескелді ауданы мектептерінің кадет сыныптары өңірдегі ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштер мен обелисктерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Бүлінген заттарды қалпына келтіріп, аумағын көгалдандырды.

Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысы Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда облыс аумағында «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының 282 әскери-патриоттық клубтары мен кадет сыныптарында - 12 448 бала бар. Оқушылардың аталмыш акцияға қатысып, өңір тазалығын сақтауға ұмтылуы – жас буынның отансүйгіштік қасиетінің көрсеткіші болып табылады.

"Біз туған жерімізді сүюге, бабалар ерлігін есімізге сақтауға, тарихымызға құрметпен қарауға дағдыланып келеміз. Осы ретте, ел болып жұмылып атқарып жатқан экологиялық шараға бір кісідей атсалысқымыз келді. Себебі, тазалық әр адамның өзінен басталуы керек. Сонымен қатар, кадет сыныбындағы қатарластарымызбен жұмыла істеген іс көңілді әрі өнімді болады деп есептеймін", - дейді акция қатысушысы Айдын Асылбеков.

Ақпарат пен фотосуреттерді Жетісу облысының білім басқармасы ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети