Киевте қанша қазақстандық қалды және неге?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанның Украинадағы дипломатиялық миссиясының консулы Болат Каткенов елшілік жұмысы және Киевтегі жағдай туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Украинадағы дипломатиялық миссиясының консулы Болат Каткенов елшілік жұмысы және Киевтегі жағдай туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Каткеновтің айтуынша, бүгінде Қазақстанның Киевтегі елшілігі консулдық мәселелері бойынша жұмысын жалғастырып, азаматтарды қабылдап жатыр. Қазір консул, оның көмекшісі, Қорғаныс министрлігінің әскери атташе аппараты және ҰҚК ресми өкілі Украинада қалған.

"Қалған қызметкерлер Польшаға уақытша көшіріліп, Варшавада жұмысын жалғастырып жатыр", - деді Болат Каткенов.

Сондай-ақ консул Қазақстанның Украинадағы елшісі Варшаваға кетпегенін, Киевте біраз уақыт қалғанын атап өтті.

"Елші Киевте болды, оның Украинаның мемлекеттік және қоғамдық ұйымдары өкілдерімен кездесуі өтті. Енді ғана демалысқа шықты, содан кейін Варшавадағы әріптестерімізге қосылады. Қажет болған жағдайда олар Киевке келеді", - деді Қазақстанның Украинадағы дипломатиялық миссиясының консулы.

"Біздің мәлімет бойынша, Украинада 200-ден 600-ге дейін қазақстандық азамат қалды. Олардың қалуына қарапайым күнделікті мәселелер себеп болған, мұнда көбінің отбасы, үйі, шаруа қожалығы, бизнесі бар. Бірақ азаматтарымыз жарияланған саннан да көп болуы мүмкін. Өкінішке қарай, олардың бәрі Украинаға келгені туралы елшілікке хабарлай бермейді", - деді Каткенов.

Сондай-ақ, ол соғыс қимылдары басталғаннан бері құрметті консулдар (дипломатиялық қызметте жоқ, бірақ кейбір консулдық функцияларды атқаратын Украина азаматтары) қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға үлкен көмек көрсеткенін баса айтты.

"Олардың бәрінде өз отбасы, туған-туыстары, достары бар. Алғашқы күндердегі қиын жағдайға қарамастан, олар бізге көмектесті. Бұл үшін оларға алғыс айтамыз. Қазір олар мүмкіндігінше, өз аймақтарында жұмыстарын жалғастырып жатыр. Біз әрқашан олармен байланыстамыз", - деп түйіндеді Болат Каткенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro