04 қыркүйек 2019 16:26

Кипрде қазақстандық әйел өз баласын өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кипр астанасы Никосияда 40 жастағы Қазақстан азаматшасы өзінің 12 жастағы ұлын өлтірген, - деп хабарлайды russianwave.com порталы.


Кипр астанасы Никосияда 40 жастағы Қазақстан азаматшасы өзінің 12 жастағы ұлын өлтірген, - деп хабарлайды russianwave.com порталы.

Басылым мәліметінше, баласын өлтіргеннен кейін, әйел өзіне қол жұмсамақшы болған, алайда дәрігерлер оны аман алып қалған. 

Әйелдің 52 жастағы грек-кипрлік күйеуі әрі баланың өгей әкесі полиция қызметкері екен. Ол үйіне келгенде есік іштен жабылған, осылайша ол үйіне кіре алмаған. Ер адам көмекке өрт сөндіру қызметін шақырған. Терезе арқылы кіріп, еденде қансырап жатқан әйелін көрген. 12 жастағы бала төсекте жатқан. Оның тамағына пышақ ұрған.

Әйелге Никосиядағы Орталық госпитальда ота жасалған соң, үйіне жіберген - дәрігерлер оның жағдайы бірқалыпты болғанын айтады. Әйелді психиатр қараған, оны Athalassa психемдеу клиникасына жіберген, кейін ол адам өлтіргені үшін сот алдында жауап беретін болады. Полиция мәліметінше, әйелдің денсаулығы сыр берген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети