Кітапсүйер жастар Bookdating шарасында бас қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кітапсүйер жастар Bookdating шарасында бас қосты

Бүгін Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының Jastar books жобасы аясында Bookdating шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының Jastar books жобасы аясында Bookdating шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жоба мақсаты - жастар арасында оқу мәдениетін қайта жаңғыртып дамыту, кітап сүйгіш оқырмандардың бірегей сұхбат алаңын жасау.

Шара барысында кәсіпкер Жұбаныш Мустафин бизнес бастау және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кітаптарды оқуға ұсыныс жасады. Ал Жансая Сабанбай тұлғалық даму, медицина, бизнес және тарихи кітаптарды оқуға бағыт берді.

Ал Жаңаөзендік кәсіпкер Күнсұлу Кеңшілік қазақ әдебиетіндегі шығармашылығымен көп адамға ақыл ой беріп, адамның дамуына серпін берген жазушылардың кітаптарын ұсынды. Соның ішінде Сәбит Мұқановтың "Ботагөз", Зейнеп Ахметованың "Бабалар аманаты" және қазіргі заманның қаламгерлері Бақытжан Бұхарбай, Қуаныш Шоңбай секілді кәсіпкерлердің бизнес жайында, тұлғалық даму жайында жазылған кітаптарын оқырман қауымға оқуға кеңес берді.

Кітап сүйер қауым келген қонақтарға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар белсенді қатысушыларға кітап сыйға берілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети