29 наурыз 2022 15:14

КҚК-дағы апаттың Қазақстанға салдары қандай?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Каспий құбыр консорциумындағы апат салдарынан Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 320 мың баррельге азайтуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Каспий құбыр консорциумындағы апат салдарынан Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 320 мың баррельге азайтуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика министрлігі Қазақстан ОПЕК+ аясындағы міндеттемелерін өндіруді қысқарту арқылы өтейтінін айтты.

"Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін жөндеу кезеңінде Қазақстанның жоғалған өндіру көлемі шамамен тәулігіне 320 мың баррельді (1,3 миллион тонна) құрауы мүмкін", - деді ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, бұл қысқарту ОПЕК+ серіктестерімен өзара іс-қимыл аясында өтемақы жоспарының бір бөлігі ретінде қарастырылады.

Маусым-шілде айларында НСОС нысандарындағы күрделі жөндеуді ескере отырып, маусым айының соңына қарай Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша өндірісті шектеу жөніндегі өз міндеттемелерін толығымен өтейді. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети