КҚК Қазақстаннан Ресейге мұнай айдау көлемін азайтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

КҚК Қазақстаннан Ресейге мұнай айдау көлемін азайтты © cpc-online.ru

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) "Теңіз-Новороссийск" мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалы көлемін айтарлықтай қысқартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі консорциум мәлімдемесіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) "Теңіз-Новороссийск" мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалы көлемін айтарлықтай қысқартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі консорциум мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Себеп ретінде Теңіз кенішіндегі жөндеу жұмыстары мен Қашаған кенішіндегі өндірістің тоқтауы көрсетілген.

"Қазақстан Республикасының Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты КҚК құбыр жүйесінің бас бөлігінде ("Теңіз" НПС) кен орнынан мұнай қабылдау қысқартылған режимде жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Қашаған кен орнында мұнай өндіру тоқтауына байланысты КҚК құбыр жүйесіне мұнай қабылдау көлемі қысқарды. Бұл факторлар "Теңіз-Новороссийск" құбыр жүйесі арқылы тасымалданатын мұнай көлемінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді", - делінген хабарламада.

Жұмыс режиімі туралы кейінірек тағы хабарланады.

КҚК құбыр жүйесі – ТМД-дағы энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірі. "Теңіз – Новороссийск" құбырының ұзындығы 1511 шақырым. Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екі бөлігінен астамы, сондай-ақ ресейлік кен орындарының шикізаты, оның ішінде Каспий теңізінде орналасқан кен орындары осы бағыт бойынша тасымалданады.

КҚК-ның ең ірі акционерлері – "Транснефть" (24 пайыз) және "ҚазМұнайГаз" (19 пайыз).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети