ҚҚС бойынша жаңа шек: депутаттар қарсы ұсыныс жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚҚС бойынша жаңа шек: депутаттар қарсы ұсыныс жолдады видео кадры

Мәжіліс депутаттары Үкіметке қосымша құн салығының (ҚҚС) жаңа шегін белгілеу туралы қарсы ұсыныс жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары Үкіметке қосымша құн салығының (ҚҚС) жаңа шегін белгілеу туралы қарсы ұсыныс жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 ақпанда Парламентке Салық кодексіне түзетулер енгізу жобасы ұсынылған болатын. Ол ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегін 20 000 АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендетуді қарастырады.

Депутат Азат Перуашев бұған дейін мұнымен келіспеді, оның пікірінше, қазақстандықтар бұдан былай шағын бизнеспен айналысқысы келмей қалады. "Шекті төмендету кәсіпкерлердің ең төменгі жалақыдан да төмен табыс алуына әкеп соқпауы керек", - деді ол.

"Бүгін Мәжілістің жұмыс тобы Үкіметтің шекті 3800 АЕК (15 миллион теңге) деңгейіне дейін төмендету туралы ұсынысына жауап ретінде енгізілген ҚҚС шекті мәнін 20 мың АЕК (78 миллион теңге) деңгейінде белгілеу туралы "Ақ жол" фракциясының түзетуін Үкіметтің талқылауына ұсынды", - деді мәжілісмен 6 наурызда.

Сонымен депутаттардың қарсы ұсынысы - Қазақстанда ҚҚС бойынша шекті төмендетуден бас тарту. Үкімет бұл құжатқа әлі пікір білдірген жоқ.

Еске салайық, Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы реформалар туралы шешімді қолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети