ҚҚС мөлшерлемесін көтеру: Экономика министрлігі мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚҚС мөлшерлемесін көтеру: Экономика министрлігі мәлімдеме жасады cookie_studio/ Freepik

Қазақстанда қосылған құн салығын (ҚҚС) төрт пайызға арттыру инфляцияның жоспарланған дәлізден ауытқуына әкелмейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қосылған құн салығын (ҚҚС) төрт пайызға арттыру инфляцияның жоспарланған дәлізден ауытқуына әкелмейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, егжей-тегжейлі талдауға сәйкес ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі көлеңкелі экономика деңгейімен тікелей байланысты емес.

"Мысалы, 2006 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 15 пайыз болған кезде ЖІӨ-ге шаққанда көлеңкелі экономиканың деңгейі 19,8 пайыз, ал сауда саласындағы көлеңкелі экономиканың мөлшері ЖІӨ-ге шаққанда 2,7 пайыз болды. Кейінгі жылдары ҚҚС мөлшерлемесі кезең-кезеңімен 12 пайызға дейін төмендеді. Алайда саудадағы көлеңкелі экономика көлемі жыл сайын артып, 2016 жылы ЖІӨ-де 9,2 пайызға жетті. 2022 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайыз болған кезде сауда саласындағы көлеңкелі экономика көлемі ЖІӨ-ге шаққанда 3,1 пайыз болды", - деп нақтылады вице-министр.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, ҚҚС ставкасының жоғарылауының инфляцияға әсері шамалы және бір сәттік болады.

"ҚҚС мөлшерлемесін 16 пайызға дейін көтеру инфляцияның жоспарланған дәлізден ауытқуына әкелмейді. Бұл инфляция деңгейіне 1 пайыздық тармақ шегінде әсер еткенімен, ауылшаруашылық тауарларына өз әсерін тигізбейді. Өйткені отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жеңілдетілген салық режимдерін пайдаланады. Қазақстан импортының құрылымында 2022 жылы азық-түлік тауарларының үлесі 9,4 пайыз болғанын ескерсек, импорттық тауарлар бойынша ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі инфляция деңгейіне айтарлықтай үлес қоспайды", - деді Әмрин.

Сондай-ақ, ол ҚҚС мөлшерлемесін көтерудің оң әсерін айтты. Бұл - әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыру үшін бюджет мүмкіндігін нығайту және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту.

"Біздің ойымызша, импорттық тауарларға жүктемені арттыру - салықтық жеңілдіктер мен субсидияларды пайдаланатын отандық тауар өндірушілерге импорттық тауарларды алмастыру үшін өз өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді ұлттық экономика вице-министрі.

Жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети