ҚҚС шегі: үкімет жаңа шешімді жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда ҚҚС бойынша шекті мән мен салық мөлшерлемесі анықталды. Бұл мәселе бойынша Үкімет пен депутаттар ымыраға келді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ҚҚС бойынша шекті мән мен салық мөлшерлемесі анықталды. Бұл мәселе бойынша Үкімет пен депутаттар ымыраға келді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 сәуірде Мәжілісте жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бірінші оқылымда қаралады. Серік Жұманғарин баяндама жасап, үкімет пен депутаттар ортақ тәсілдер әзірлей алғанын айтты.

"ҚҚС 16 пайыз болады (қазір 12 пайыз – еск.). ҚҚС бойынша шек 40 миллион теңге мөлшерінде белгіленсін. Бұл біз келіскен ымыраның жемісі. Бірақ айта кетейін, осы фонда 160 мың жаңа салық төлеушіден айырылып, шамамен 400 миллиард теңге қосымша кірісті жинай алмай қаламыз. Мұны не үшін айтып отырмын – кәсіпкерлеріміз Үкімет пен Парламент осындай ымыраларға баруға дайын екенін түсінсін"", - деді Жұманғарин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда жаңа ЖК (жеке кәсіпкер) ашу тәртібі қатаңдатылады. Тиісті нормалар дайындалған.

"Бұрын құқықбұзушылық жасағандар, сондай-ақ белсенді емес бірнеше ЖК-сы бар адамдар үшін жаңа ЖК ашу – күрделірек процесс болады", – деп қосты вице-премьер.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін әртүрлі сала үшін 16, 10 және 0 пайыз етіп саралауды ұсынған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro