"Өзенмұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі Маңғыстау облысындағы ерекше асфальтқа түсініктеме берді. Жаңаөзенде жергілікті тұрғындар жолдардың біріне жақында төселген асфальттың сапасына шағымданған болатын. Тұрғындардың шағымынан кейін жол тексеріліп, олар орын алған барлық ақауларды жоюға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзенмұнайгаз" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жол учаскесін тексергеннен кейін жолдың жоғарғы бөлігінде ойықтар пайда болған.
"Осы жұмыстарды орындау және жол жағдайын одан әрі тексеру барысында жолдың жоғарғы бөлігінде ойықтар пайда болғаны анықталып, мердігерге кемшіліктерді жоюды талап етіп хат жолданды. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны "Жол активтерінің сапасының ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы жолдардың сапасын тексереді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, қабылданған шешім бойынша мердігер мекеме өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Еске сала кетейік, бірнеше ер адам асфальттың беті кілемдей жұқа екенін және қолмен орауға болатынын көрсетіп, видео түсірген болатын.
Айта кетейік, қазақстандықтар жолдардың сапасыздығына алғаш рет шағымданып отырған жоқ. 2020 жылы "асфальт кілем" бірден екі облыста видеоға түсірілді. Осы жылдың сәуір айында бұқаралық ақпарат беттерінде Түркістан облысындағы асфальттың сапасына көңілі толмайтын тұрғындар мен мердігер мекеме арасындағы әңгіме қозғалған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!