16 қараша 2023 | 11:02

Кім Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны болды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны болды. Бұл туралы Ұлттық статистика басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бес бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны болды. Бұл туралы Ұлттық статистика басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 14 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жетті.

20 миллионыншы азаматтың туған күні барлық қолда бар демографиялық деректерді ескере отырып айқындалған: Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген және одан шыққан, туғандар мен қайтыс болғандардың саны.

Бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетін және бұл көп уақытты қажет ететін. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы бұл процесті жеделдетуге және 20 миллионыншы азаматтың туған күнін жоғары дәлдікпен және қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік берді.

"Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келгені белгілі болған еді. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Еске салайық, 1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 миллион адам болған. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3 пайызға өсті. Мәселен, 2022 жылы 1991 жылмен салыстырғанда туу саны 353,2 мыңнан 403,9 мың адамға дейін немесе 14,7 прайызға өскен

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети