ҚМА есірткі сатқан 100 адамның ұсталғаны туралы хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА есірткі сатқан 100 адамның ұсталғаны туралы хабарлады Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Есірткіні Telegram арқылы сатып, миллиардтаған ақша тапқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есірткіні Telegram арқылы сатып, миллиардтаған ақша тапқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА 50 мыңнан астам адамды тарта отырып, есірткі сату жөніндегі 55 telegram-арнаның заңсыз қызметін тоқтатты. Олардың жалпы айналымы 48 млрд теңге.

"Жыл басынан бері ҚМА материалдары бойынша елдің құқық қорғау органдарымен (ЭТТҚ, ҰҚК, БП, ІІМ) есірткінің заңсыз айналымына байланысты 60 қылмыстық іс қозғалды, оның жартысы контрабанда фактілері. Онлайн наркошоптарға қатысты тағы 29 материал бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 100-ден астам адам, оның ішінде ҰҚТ 12 мүшесі ұсталды.

Айналымнан шамамен 100 кг ауыр есірткі – кокаин, кетамин, мефедрон және марихуана, сондай-ақ оларды жасау үшін 1 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді. Қылмыстардың әлеуетті қатысушылары болып табылатын 30 мыңға жуық "дроптардың" банктік карталары бұғатталған", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Шымкентте Қазақстандағы ең ірі мефедрон өндіру және тарату арнасы тоқтатылды. Есірткі лабораториясы құрылып, онда синтетикалық есірткі өндіруге арналған 1 тоннадан астам қышқыл тәркіленді. Оның өндірістік қуаты ай сайын 50 мың доза есірткі өндіруге мүмкіндік берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети