ҚМА жалған несиелерге байланысты қылмыстық схеманы әшкереледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА жалған несиелерге байланысты қылмыстық схеманы әшкереледі Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысының тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша қылмыстық әрекет жасаған. Дерек бойынша ҚМА аумақтық департаменті соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша қылмыстық әрекет жасаған. Дерек бойынша ҚМА аумақтық департаменті соталды тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық схема сатып алушы контрагенттермен үшжақты шарт жасасу арқылы микроқаржы ұйымдарда алынған жалған займдарды пайдалану арқылы жүзеге асқан.

"Контрагент бақылауындағы ЖШС-ге емес, МҚҰ-на қарызды өтеу түрінде төлем жүргізген. Бұл қылмыс жасаушы азаматтарға қарыз беру шарттары негізінде қолма-қол ақша алуға және оларды жеке тұлғаларға беру арқылы жалпы сомадан 2-6 пайызға дейін материалдық пайда алуға мүмкіндік берді.

Мәселен, 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сатып алушы контрагенттері бар 9 компания бойынша жалпы айналым 40 миллиард теңгеден асты", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында Қарағанды облысының тұрғыны жалған шот-фактураларды жазып беруге байланысты қылмыстық әрекетті ұйымдастырғаны анықталды. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети