05 қаңтар 2018 18:31

ҚМДБ даулы видеоға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы "Ризабек Батталұлы: Əйелді сабауға болады, бірақ өлтіріп алмайтындай, бір жерін сындырып алмайтындай ұру керек" делінген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы "Ризабек Батталұлы: Əйелді сабауға болады, бірақ өлтіріп алмайтындай, бір жерін сындырып алмайтындай ұру керек" делінген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, екі жыл бұрын шыққан видеоға ҚМДБ-ның еш қатысы жоқ.

"Видеоны желіде қайта таратқан. Осыдан екі жыл бұрын шыққан видео. Бұл Алматыдағы мешіттердің бірінде теолог дінтанушы Ризабек Батталұлымен сұхбат болатын. Видео шыққан уақытта ол республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі болатын. Тексеру мен зерттеу нәтижесінде ҚМДБ оған ескерту жариялап, қажетті пікір жариялаған еді. Қазіргі уақытта Ризабек Батталұлы "Нұр Мүбарак" университетінде мұғалім болып қызмет етеді", - деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Сонымен қатар, ҚМДБ осы видеоның ары қарай таралмауын қадағалайтынын айтты.

"Әрине, видеода айтылған сөздер - дұрыс емес тұжырым және оны адамдар басқаша қабылдайды. Теолог бұл сөздерді эмоцияға беріліп, ойланбастан айтқан. Ең бастысы мұндай нәрсенің Құранда жоқ екенін түсіну қажет. Қазіргі уақытта біздің елде ажырасулар көп, сол себепті де бұл видеода айтылған сөздер дұрыс емес деп қана қоймай қабылдауға келмейтін деп санаймыз", - деді ҚМДБ өкілі. 

Еске салайық, әлеуметтік желіде мешіт ішінде ер адамның уағыз айтып отырған видеосы таралып жатыр. Ол кісі видеода отбасылық қарым-қатынас туралы және ер адамның әйеліне күш қолдануына рұқсат дегенді меңзеп айтқан. 

Сондай-ақ, ҚМДБ-ның баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы Facebook желісіндегі парақшасында осы жағдайға байланысты түсініктеме берді. 

"Біріншіден, əлеуметтік желіде тараған бейне материал осыдан үш жыл бұрын таспаға жазылған. Осы видео қазір қандай "қажеттіліктің" негізінде қайта жарияланып жатқанын өз басым түсінбедім.

Екіншіден, Ризабек Батталұлы осыған дейін имамдық қызметте болмаған. Ақпараттық-насихат тобының мүшесі ретінде жамағат тарапынан түскен сауалға азаматтық көзқарасын білдірген. Бүгінде Алматыдағы "Нұр Мүбəрак" университетінде қызмет етіп жүрген Р.Батталұлын "имам" деп атау - тілшілер тарапынан кеткен қате ақпарат. Бұған жол бермеңіздер!

Үшіншіден, кез-келген уағызшының шариғаттағы шетін, нәзік мəселені өз танымы мен табиғатына салып түсіндіруіне жол берілмейді. Бұл - жеңіл жауап бере салатын жағдай емес. Дінді адамдарға қорқытып емес, сүйіншілеп жеткізіңдер немесе сендердің араларыңдағы ең қайырлыларың - əйелдеріңе жақсы қарағандарың деген мағынада келетін хадистер халыққа көбірек насихатталуы тиіс. Жағымсыз мінез көрсеткен жарымызға көркем түрде түсіндіру, оған насихат айту, шынайы жанашырлық сезіміңді жеткізу, төсекте жалғыз қалдыру, дәлелденген айыбы үшін уақытша сөйлемей қою, тағы басқа тəрбиенің əдеп шеңберіндегі амалдар қамшының соққысынан асып түсетін тəсілдер. Қиыны - қисық қабырғаны түзеймін деп оны сындырып алу. Əйелді күшпен бағындыру - шарасыздық, бəлкім əлсіздік. Р. Батталұлының сөзін қоғам қабылдамай жатса - бұл табиғи құбылыс.

Төртіншіден, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы уағыз айтудың əдебі мен тəртібіне қатысты арнайы Ереженің жобасын əзірлеуде. Тəртіп Ережесі уағыз айтудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді", - деп жазды ҚМДБ баспасөз бөлімінің меңгерушісі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети