13 желтоқсан 2022 | 12:00

KMF-ProMotor. Бизнеске арналған арнайы техника бұрынғыдан да қолжетімді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 25 жылдан бері кәсіпкерлікті микроқаржыландырумен айналысып келе жатқан KMF компаниясы жаңа және келісімшарттық арнайы техниканы сатумен айналысатын мультибрендті NKB Group компаниясының серіктес болды. Бұл ұйым нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді және еліміздегі ірі жеткізушілердің бірі болып табылады.


Иконка комментария блок соц сети

Енді алматылық кәсіпкерлер арнайы техниканы тартымды шарттармен сатып ала алады. 25 жылдан бері кәсіпкерлікті микроқаржыландырумен айналысып келе жатқан KMF компаниясы жаңа және келісімшарттық арнайы техниканы сатумен айналысатын мультибрендті NKB Group компаниясының серіктес болды. Бұл ұйым нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді және еліміздегі ірі жеткізушілердің бірі болып табылады.

KMF компаниясы KMF-ProMotor микрокредиттік бағдарламасы аясында әлемдік танымал өндірушілердің арнайы техникаларын сатып алуды ұсынады. Микрокредиттің максималды сомасы - 60 миллион теңге, ал мерзімі - 84 айға дейін. Сонымен қатар, ай сайынғы төлемді KMF мобильді қосымшасы арқылы жеңіл әрі жылдам жүзеге асыруға болады. Айта кетейік, бұл өнім әзірше тек алматылық кәсіпкерлер үшін қолжетімді. Болашақта басқа аймақтардың тұрғындары да KMF-ProMotor-ды пайдалана алады.

"KMF көптеген жылдар бойы Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдап, дамытып келеді. Бізге сенім артқан 250 мыңнан аса клиентіміз бар, көпшілігі ауылдық жерлерде шоғырланған. Олардың арасында сапалы және қуатты арнайы техника табысты бизнестің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын агробизнес, өндірістік кәсіпорындардың иелері бар. Сол үшін де біз кәсіпкерлерге қажетті техниканы сатып алу үшін ыңғайлы және икемді микроқаржыландыруды беру мақсатында NKB Group компаниясымен серіктес болуды шештік", - дейді KMF компаниясының Сату және өңірлік желіні дамыту департаментінің директоры Арман Абылайхан.

Компания қызметкерлерінің айтуынша, KMF-ProMotor аясында арнайы техниканың кез келген түрін таңдауға болады - жол- құрылыс, жүк көтеру-тиеу, қойма техникасы және тағы да басқа. Сонымен қатар, оны ЕҚҚДБ-ның GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша да сатып алуға болады. Ол үшін жабдықты таңдау жеткілікті, егер ол бағдарламаның параметрлеріне сәйкес келсе, клиентке микрокредит сомасының 10% көлемінде кэшбэк беріледі. Айта кетейік, KMF GEFF бағдарламасы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің алғашқы қаржылық серіктестерінің бірі болып табылады.

КMF - микроқаржы индустриясының флагманы. Нарықта 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді. КMF стратегиясы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, қызмет еткен жылдар ішінде мұнда 700 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетілді. KMF микроқаржыландыруға қолжетімділікті қарапайым, ыңғайлы әрі жылдам ете отырып, цифрлық қызметтерді жетілдіріп, өз клиенттеріне бұдан да зор мүмкіндіктері ұсынуды жоспарлап отыр.

*Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети