ҚМГ "бұрынғы қызметкердің әйеліне" қатысты жанжалды видеоға пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМГ "бұрынғы қызметкердің әйеліне" қатысты жанжалды видеоға пікір білдірді Видео кадры/@yyedilov Telegram-арнасынан

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Асқар Әубәкіровтің әйелі делінген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Асқар Әубәкіровтің әйелі делінген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогер Ербол Еділов Telegram-арнасында Ботагөз Көшенова түсірілген видеоны көрсетті. Онда әйел қымбат эксклюзив әшекейлер тағып, брендтік киімдер кигені көрінеді.

"Көшенова - 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына дейін "ҚазМұнайГаз" БӨ АҚ сатып алуларын "қадағалаған" Асқар Әубәкіровтың әйелі. Ол 2012 жылдың қаңтарында ол жерден жұмыстан шығарылды", - деп жазған Еділов.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Асқар Әубәкіров ҚМГ жүйесінде 11 жылдан бері жұмыс істемейтінін хабарлады.

"Соңғы атқарған қызметі "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ бас директорының корпоративтік даму және активтерді басқару жөніндегі орынбасары болды, ол 2012 жылдың қаңтарында қызметінен кетті.

Заңға сәйкес көрінеу жалған ақпаратты тарату және орналастыру жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз. Біз Қазақстан азаматтарын және БАҚ өкілдерін тек ресми деректерге сенуге, арандатушылыққа бой алдырмауға және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", - деді ҚМГ өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети