"Кінәлілер бірі қалмай жазаланады". Қошанов "Алтын Орда" базарындағы былық туралы айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кінәлілер бірі қалмай жазаланады". Қошанов "Алтын Орда" базарындағы былық туралы айтты "Алтын орда" базары

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарындағы проблемаларды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарындағы проблемаларды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алтын Ордаға" қатысты тергеу жүріп жатыр. Әділ шешім болады деп ойлаймын, бірақ шешімді күту керек. Көріп отырсыздар, бірі қалмай жазаланады. Сондықтан біреу қылмыс жасаса, осы базардың иесі немесе басшысы жазаға тартылады", - деді Ерлан Қошанов.

Ақпанның басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын. 

"Тағы бір мәселені айтқым келеді. Тиімсіз сауда делдалдығын тоқтататын кез келді. Мысалы, Алматыда тұратын 3 миллион адам көп жағдайда "Алтын Орда" базарынан тауар сатып алады. Алматы мен Алматы облысының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, осы базарда тәртіп орнатуды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети