21 сәуір 2022 | 21:58

"Кінәлілер жазалануы тиіс". Тоқаев БҚО әкіміне тапсырма берді

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі жол мәселесін тез арада шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі жол мәселесін тез арада шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған "Күре жолдағы күрсініс" атты мақалаға назар аударды. Басылым Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар жағдайының нашарлығына байланысты мәселе көтерген. Президент бұл өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін жаңғырту маңызды міндеттің бірі екенін және автожолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейтінін 2019 жылы айтқан болатын. Мемлекет басшысы Оралда өткен кездесуде "бұл азаматтардың күнделікті өмірінде қиындық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ өңірдің экспорттық және транзиттік әлеуетін төмендетеді" деген еді", - делінген хабарламада.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент сол кезде Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтауға тапсырма берген.

"Алайда "Egemen Qazaqstan" газетіндегі мәліметтер бойынша осы аудандарды облыс орталығымен байланыстыратын жолдарға әлі күнге дейін асфальт төселмеген. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден айтарлықтай қалып келеді және қаржы мәселесінде де түйткілдер бар. Жергілікті тұрғындар жолдың жоқтығынан зардап шегіп отыр, әсіресе көктем мен күзде жағдай мүлде ушыға түседі. 

Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдігіне барлық қажетті шараны тез арада қабылдауды тапсырды. Тиісті жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалмауына кінәлілер жазалануға тиіс. Президент бұл мәселені шешуді Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа жүктеді", - деп қосты Президенттің баспасөз қызметі.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети