ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2019 | 18:25
Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингілерде ұсталғандар туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингілерде ұсталғандар туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет", - деп жазды Тоқаев.
Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 12, 2019Мұның алдында 10 маусымда митинг кезінде 200 адамның полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. "Митингінің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша", - деген еді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Показать комментарии
Читайте также