Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет - Тоқаев

12 Маусым, 18:25
2

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингілерде ұсталғандар туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет", - деп жазды Тоқаев. 

Мұның алдында 10 маусымда митинг кезінде 200 адамның полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. "Митингінің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша", - деген еді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай