Қарағанды - Жезқазған тасжолы жарты ғасырда алғаш рет жөнделеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды - Жезқазған тасжолы жарты ғасырда алғаш рет жөнделеді Фото: "ҚазАвтоЖол"

Қарағанды – Жезқазған тасжолында ауқымды реконструкция жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Қарағанды – Жезқазған тасжолында ауқымды реконструкция жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 29 маусымда Қарағанды – Жезқазған автожолын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Жұмыстар ұзындығы 457 шақырым учаскеде жүргізіледі.

Бұл жол сонау 1970-жылдары салынған. Содан бері мұнда күрделі жөндеу жүргізілмеген, бірақ кейінгі жылдары көлік ағыны, әсіресе ауыр жүк көліктерінің қарасы айтарлықтай артты.

Реконструкциядан кейін тасжол кеңейіп, заманауи кейіпке енеді. Онда жол төсемі жаңартылып, көпірлер жөнделеді, демалыс алаңдары, автобус аялдамалары мен жолайрықтары жабдықталады.

Компания мәліметінше, жұмыстар аяқталған соң жолдың өткізу қабілеті үштен бірге артып, Қарағанды мен Жезқазған арасындағы жол жүру уақыты шамамен екі жарым сағатқа қысқарады.

Жұмыстарды 2029 жылы толығымен аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" қазіргі уақытта Қызылорда – Жезқазған тасжолын реконструкциялау жұмыстары жалғасып жатқанын еске салды. Былтыр Қызылорда облысында жолдың 192 шақырымында қозғалыс ашылса, Ұлытау облысындағы негізгі жұмыстарды 2026 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда Ұлытау мен Қызылорда арасындағы тасжол құрылысы аяқталады