Өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылса да, қайтадан рөлге отырған: Ақтөбе облысында ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылса да, қайтадан рөлге отырған: Ақтөбе облысында ер адам ұсталды Бейнеден алынған кадрлар

Ақтөбе облысында жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылғанына қарамастан, рөлге қайтадан мас күйде отырған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Ақтөбе облысында жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылғанына қарамастан, рөлге қайтадан мас күйде отырған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Оқиға 27 маусымда Мәртөк ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Учаскелік полиция инспекторы 44 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген Opel Frontera автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде полицей жүргізушінің масаң күйде екенін байқаған. Медициналық куәландыру ер адамның шын мәнінде рөлге мас күйде отырғанын растады.

Бұл алғашқы рет емес екені анықталды. 2023 жылы ер адам дәл осылай мас күйде көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылған. Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған.

Полиция мәліметінше, ер адам алғашқы рет көлікті мас күйде басқарғаны үшін жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда мерзімі аяқталмай жатып, ол тағы да мас күйде рөлге отырған. Осыған ұқсас қайталама заң бұзу дерегі үшін сот оны көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырған.

Автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды, ал күдіктінің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айыруға не себеп болуы мүмкін? - Толық нұсқаулық