30 маусым 2014 | 19:26

КО техрегламенті Қазақстандағы жанар-жағармай сапасының нашарлауына себеп болуы мүмкін - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы жанар-жағармай сапа сәйкестігін нақтылайтын процедурасы оңтайландырылған Кеден Одағының отын жөніндегі техникалық регламенті салдарынан нашарлауы мүмкін. Мұндай ойды Tengrinews.kz тілшісімен  "ORGANIC" мұнай өнімдері сараптамасының тәуелсіз орталығы" ЖШС директоры Ақмарал Қалмұратова бөлісті.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы жанар-жағармай сапа сәйкестігін нақтылайтын процедурасы оңтайландырылған Кеден Одағының отын жөніндегі техникалық регламенті салдарынан нашарлауы мүмкін. Мұндай ойды Tengrinews.kz тілшісімен  "ORGANIC" мұнай өнімдері сараптамасының тәуелсіз орталығы" ЖШС директоры Ақмарал Қалмұратова бөлісті.

Сарапшы 2013 жылы автомобиль мен авиация көліктерінің жанар-жағармайы, кеменің дизель отындары сапасына бірыңғай талап енгізген КО-ның отын жөніндегі техрегламенті өз күшіне енгенін жеткізді. Осы сапа құжаты кейбір өндірісшілер немесе отын дилерлері тарапынан бөтен мақсатқа пайдаланыла бастаған. "Бұрын сертификат беруші орган зауытқа келіп, одан тасымалданғалы жатқан жүк партиясының сапасы жағынан құжаттағы барлық талапқа сай екенін растап, нақтылайтын. Ал қазір техникалық регламент өз күшіне енген соң тауар алуға өтініш беруші барлық жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұндай техрегламент өнім өндіруші - зауыттарға жақсы болды, өйткені сапаны нақтылау процедурасы оңтайландырылды. Алайда кез келген өнімге тапсырыс беруші әділ әрі таза бола бермейді ғой" дейді ол.

Оның айтуынша,техрегламент алаяқтарға басқа өндірушіден сапалы бензин алып, оны өзінікі секілді етіп тексеруге апаруға, сөйтіп оның қортындысымен сертикаттау органына баруға жол беріп отыр. Сынаманы қай арадан алынғанына орган жауап бермейді, олар қолындағы нәрсенің сапасын сертификаттайды, болды.

Дегенмен техникалық регламентке қарамастан Қазақстанда жанар-жағармай сапасы жақсарғанын маман мойындайды. Өйткені 2014 жылы елімізге 4 және 5-кластағы отындар көптеп әкелінген. "Егер бұрын біздің зауыттар 2-кластағы жанар-жағармайды өндіріп, сырттан осындай сападағысын алдыртқан болса, ал қазір нарықта ресейлік және қытайлық 4 және 5-кластағы отындар пайда бола бастаған. Алайда нарыққа бірден көп пайдаға кеңелгісі кеп келетін бір реттік компаниялар да болады. Жағдай осыдан да нашарлап жатады" дейді Қалмұратова.

Алдында Қазақстанда жанар-жағармай құю бекеттері сатып жатқан тауарлардың сапасыздығына қатысты тұтынушылар тарапынан көп арыз-шағым түсіп жатқандығы хабарланған. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпарат басқармасындағылар, бүгінгі таңда Қазақстанда бензин сапасына оны сатушы - жанар-жағармай құю бекетіндегілер жауапты деп мәлімдеген."Сапасыз жанар-жағармайдың кесірінен автокөлік бұзылса, онда тұтынушы қайтадан құрылған өкілетті орган - Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі агенттіке шағымдана алады" деген министрліктегілер. Қалай дегенмен де боп жатқан жағдайға техрегламент себеп болу мүмкіндігі осыған дейін айтылмаған.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети