25 сәуір 2020 | 17:01

"Көбі кешке ойнауға шығады". Бекшин ата-аналарды балаларын қатаң бақылауда ұстауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитар дәрігері қала тұрғындарын карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының бас санитар дәрігері қала тұрғындарын карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, соңғы уақытта 14 жасқа дейінгі 40 бала коронавирус жұқтырған. 

"Үйден шығуға, балаларды жіберуге болмайды. Кешке немесе басқа кезде болсын айырмашылық жоқ. Коронавируспен күресудің ең тиімді тәсілі өзіңді оқшаулау. Соңғы уақытта 14 жасқа дейінгі 40 бала коронавирус жұқтырған. Бұл балалардың кешкі уақытта ата-анасыз далаға шығып, ойнауға болмайтын жерлерде жүретінін көрсетеді. Сондықтан бұл мәселеге мән беру қажет. Балаларды бақылауға алып, бұл тұрғыдан ересектер тарапынан тәртіп белгілеуді сұраймын", - деді Бекшин.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырудың 793 адам бар. Олардың 90-ы сауығып шықты. Соңғы тәулікте 31 жаңа жағдай тіркелді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети