1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аймаққа айналуы мүмкін - министр

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақмола облысындағы Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аймаққа айналуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көлдің ерекше екенін ескере отырып, біз оған айрықша қорғалатын табиғи аймақ мәртебесін беру қажет деп жоспарлап отырмыз. Яғни оның аумағына тиіс шектеу шаралары енгізіледі", - дейді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Мағзұм Мырзағалиев Көбейтұз көлін аукционға шығармау туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

"Жалпы жеке кәсіпкер онда жақсы жағдай жасай алар еді. Ол жерге келіп жатқан туристер еркін орналасып, санитарлық талаптар да сақталар еді", - дейді министр.

"Біз ол жерге күзет қоя алмаймыз. Тек азаматтарымыздың экологиялық мәдениеті жоғары болады дегенге сенеміз", - деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.