Алматы қаласының қоғамдық кеңесі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қалада алдағы жылы болады деп болжанған зілзала туралы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының қоғамдық кеңесі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қалада алдағы жылы болады деп болжанған зілзала туралы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тибет, Гималай және Тянь-Шань жақтарынан Алматы қаласында орналасқан Солтүстік Тянь-Шань жаққа күшті жер сілкінісі ошақтарының қарқынды көшуіне байланысты Солтүстік Тянь-Шань аймағында сейсмикалық жағдайлардың ерекше қарқыны мен таяу жылдары күшті (апатты) жерсілкінісінің туындау мүмкіндігі байқалады", - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.
Сондай-ақ, таулы аймақтарда соңғы екі жылдың өзінде-ақ мынадай жолменен күшті жер сілкіністері болып өткені айтылады: Үндістан, Непал, Солтүстік Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан. Қоғам белсенділерінің айтуынша, қазіргі уақытта Үнді тас қабатының Еуразия жаққа жылжуы болып жатыр. Сонымен қатар, олар Алматы қаласының оңтүстігінен Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 2015 жылдың 15 наурызында жер сілкінісі болғанын айтып отыр. Бұл Алматы қаласында 4-5 балл қарқындылықпен сезілген, ал 2016 жылдың 26 маусымында Алматы қаласынан 526 шақырым қашықтықтағы Қырғызстан аумағының эпицентрінде 8 баллдық қарқындылықта болған жер сілкінісі Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында сезілген.
"Бұл жерде Алматы облысының, оның ішінде Қазақстанның алып шаһары Алматы қаласының аумағы кіретін Солтүстік Тянь-Шань аймағы бүкіл Орталық Азиядағы мейілінше сейсмикалық қауіпті жерлердің бірі болып табылатындығын атап өтсек те болады. Өткен жүзден көп емес жылдардың ішінде, яғни, 1880-1915 жылдар арасында әлемдегі сейсмикалық үдерістердің белсенділігін арттыру алдында бұл жерде шамамен он шақты талқандайтын жерсілкіністері болып өтті, олардың екеуінде (Шелек 1889 жылы және Кемин 1911 жылы) сегізден астам магнитуда болды. Сол себепті әлемдік сейсмикалық жойқындар қатарына енген болатын", - деп жазды қоғам белсенділері.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің айтуынша, қазіргі уақытта сейсмикалық жағдайларды бақылау және Алматы қаласының аймағындағы күшті жер сілкінісіне дайындалу үдерісін қадағалау саласында бір топ проблемалар байқалып отыр. Себебі, жөні түзу сейсмологиялық желі осы аймақта шоғырланған. Сонымен қатар, бүкіл қадағалау желілері, құрылғы жабдықтары саналы түрде де, денелі түрде де ескіргені айтылып отыр.
Сондай-ақ, қоғам белсенділері қосымша тағы да мына мәселеге тоқталып өту керек екенін айтты. Яғни, халықты күшті жер сілкінісіне дайындау бойынша керекті іс-шаралар қабылдау қажет.
Айта кетейік, ҚХР-да Үрімші қаласынан Қазақстан Республикасының шекарасына қарай 130 шақырым батыс жағында 2014 жылы бір полигон іске қосылды. Ол қазіргі күні жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Ал Сейсмикалық қорғану полигондарының санын 2017 жылы 8-ге дейін көбейту көзделген екен.
Қазіргі уақытта аралығы 9 минутта ата алатын аэрогидрозеңбірек бар. Сондай-ақ полигонда барлық қажетті қызмет көрсететін және кеңселік ғимараттар, қажетті аппаратуралар мен жабдықтар орналасатын болады.