Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды

Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды © voxpopuli.kz

Белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қайғылы хабарды саясаттанушы Ерлан Саиров Tengrinews.kz тілшісіне растады. 

Серікболсын Әбділдин - қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Ол 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған. 

1982-1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986-1987 жылдары Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болып қызмет еткен. 1995 жылдан - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі - Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарады.

Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылым еңбек пен 6 монографияның авторы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети