Астанада 21 шілдеден бастап қоғамдақ көлікте қолма-қол төленетін жолақы құны өседі, бірақ көлік картасымен төлеу құны бұрынғыша қалады. Бұл жолаушы ағымының нақты көрсеткіші мен одан түскен табысты нақты есептеуге мүмкіндік береді.
Астанада 21 шілдеден бастап қоғамдақ көлікте қолма-қол төленетін жолақы құны өседі, бірақ көлік картасымен төлеу құны бұрынғыша қалады. Бұл жолаушы ағымының нақты көрсеткіші мен одан түскен табысты нақты есептеуге мүмкіндік береді.
#1 Неге қолма-қол төленген жолақы қымбатырақ?
Жолақына көлік картасымен төлеу 90 теңге, ал қолма-қол 180 теңгеге жетеді. Бұл елорда тұрғындарын электрондық төлем жүйесін қолдануға ынталандырады және бюджетке түсетін қаржы көбейеді деген мақсатта жасалып отыр. Ал жүргізушілердің адал жұмыс істеуі көлеңкелі ақша айналымына тосқауыл болады деп күтіледі.
#2 Қоғамдық көлікте жиі жүруде қалай ақша үнемдеуге болады?
Көлік картасын қолданудың артықшылығын еске салған жөн. Ақы төленгеннен кейін 60 минут тегін жүруге болады. Яғни, бір автобустан келесіне көшкенде, 60 минут аралығында жолақыны қайтара төлемесе болады. Бұл жүйе қалалық бағыттан қалалыққа, экпрестен экспреске (тұлпар), қалалыққа, аймақтан қалалық бағытқа ауысқанда жүзеге асады. Бұл ерекшелікті назарға алсақ, қалада қоғамдық көлікпен жүру құны 45 теңгеге төмендейді.
#3 Тарифті қалай таңдауға болады?
16 шілдеден бастап қолданушыға ыңғайлы болуы үшін "Көлік әмияны" және "Ай сайынғы жол жүру картасынан" басқа барлық тариф оңайлатылды.
Бұл шара көлік картасын толтыру мен қолдануға арналған.
Енді карта толтырғанда тариф таңдау жүйесі болмайды, картаны 100-ден 5000 теңгеге дейін қалаған сомаға толтырса болады.
Тариф барлық бағытта жұмыс істейді - қалалық, экспресс және аймақтық.
"Қала/Город", "Тұлпар/Экспресс", "Аймақ/Пригород І, ІІ, ІІІ, ІV" тарифтерін жүктеп қойған тұрғындар оны қолдануды жалғастыруға немесе картада ақша біткенше пайдалануына болады.
Сонымен қатар, қоғамдық көлікті аз қолданатындар үшін, ақша толтырылмайтын жұмсақ карта бар. Онымен 10 рет жүруге болады. Жолақы 90 теңге көлемінде қалады, 60 минут ішінде тегін автобус алмастыру қызметі де жұмыс істейді.
#4 Көлік картасын қайда және қалай толтыруға болады?
Автомат пен арнайы ЖШС "Astana LRT" карстасынан бөлек, 21 шілдеден бастап көлік картасын терминал, қосымшалар арқылы және QIWI сайтында толтыруға болады.
Еске сала кеткен жөн, Астанада электрондық төлем жүйесі offline режимінде жұмыс істейді, деректер 12 сағат ішінде іске қосылады. Осыған байланысты QIWI арқылы толтыру да 12 сағат ішінде іске асады.
Бұған қоса шілденің соңына дейін көлік-жол картасын интернет-банкинг арқылы толтыру жүйесі енгізіледі. Олар: "Сбербанк" АҚ , "ForteBank" АҚ, "Банк Центркредит" АҚ , "АТФБанк" АҚ, "Нұрбанк" АҚ, "Банк Kassa Nova" АҚ , "Еуразиялық Банк" АҚ, "Tengri Bank" (Бұрынғы PNB) АҚ , "ВТБ Банк" (Қазақстан) ЕҰ АҚ, "Альфа Банк" АҚ ЕҰ.