Қоғамдық комиссия отырысында қандастарды қолдау мәселесі талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоғамдық комиссия отырысында қандастарды қолдау мәселесі талқыланды

2020 жылдың 12 наурызында "Отандастар қоры" жанындағы Қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды ДҚҚ баспасөз қызметі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жылдың 12 наурызында "Отандастар қоры" жанындағы Қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды ДҚҚ баспасөз қызметі. 

Іс-шара аясында репатриацияны ынталандыру шаралары, шетелдердегі этникалық қазақтарды оқулықтармен, көркем және басқа да әдебиетпен қамтамасыз етудегі келеңсіз жағдайлар, Ақмола облысының Нұрлы көш (Красный Яр) және Шығыс Қазақстан облысының Шығыс ауылдарындағы шетелден көшіп келген қандастарымызға арналған үй-жай мәселелері талқыланды.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Нұр-Сұлтан және Ақмола облысы филиалының басшысы Хожамұрат Қарлығаш Бекпатшақызы елге көшіп келген этникалық қазақтарға берілген Ақмола облысындағы "Нұрлы көш" ауылындағы сапасыз үйлер мәселесін көтерді.

Қабылданған шешімдер ҚР Үкіметі жанынындағы Шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылады.

Комиссия отырысының жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкері, Ақпарат және қоғамдық даму, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрлігі, облыс пен қала әкімшіліктерінің, "Отандастар" қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Нұр-Сұлтан және Ақмола облысы филиалының басшысы Қожамұратова Қарлығаш Бекпатшақызы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз-хатшысы Сырымбек Төлеуұлы және т.б. қатысты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети