Қызылордадағы "Бота" қоғамдық қорының қызметкерлеріне Арал тұрғындарына бөлінген 26 миллион теңгені ұрлады деген айып тағылуда, деп жазады "Экспресс К" газеті.
Қызылордадағы "Бота" қоғамдық қорының қызметкерлеріне Арал тұрғындарына бөлінген 26 миллион теңгені ұрлады деген айып тағылуда, деп жазады "Экспресс К" газеті.
Тергеу барысында "Бота" қоғамдық қорында жұмыс істеген бұрынғы қызметкерлер 2012-2013 жылдары ақшадан тарыққан жергілікті тұрғындардың құжаттарын толтырып, банктік карточкалар арқылы ақша алып отырған. Алаяқтар сол жылдары шамамен 26,76 миллион теңгені жымқырғаны анықталған.
"Бұл жерде тұрғындардың аңқаулығын айта кетуіміз керек. Тұрғындардың кейбірі тіпті өз құжаттарын "Бота" қорының қызметкерлеріне не үшінқажет екенін сұрамастан бере салған. Олар тіпті өз аттарынан әлдебіреулердің ақша алып отырғанын да білмеген", - деп жазылған мақалада.