ҚР қаржы министрі қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бюджеттен қанша қаржы бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР қаржы министрі қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бюджеттен қанша қаржы бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2017-2019 жылдарға Ғылым және білім, мәдениет және спорт, ақпарат және коммуникациялар, дін істері және азаматтық қоғам министрліктеріне 1 583, 6 миллион теңге, соның ішінде 2017 жылы - 1 337,9 миллион теңге бөлу жоспарланған", - делінген ресми сауалға берілген жауапта.
Министрлік өкілдері бұл қаржыға қандай шаралар өткізу жоспарланғанын нақтылап берді.
"Бағадарламаны жүзеге асыру бойынша бірқатар іс-шара жоспарланған. Нақты айтқанда еліміздің тарихи мұрасын дамытуға, мұражай қорын көрмеге қою арқылы қазақстандық мәдениетті шетелде таралуына, қазақстандық шығармаларды шет тілдеріне аудару және латын әліпбиіне көшуге бағытталған шаралар", - дейді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар, 2017 жылы қаржы қай министрліктерге бөлінетіні белгілі болды.
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне - 608 миллин теңге. Білім және ғылым министрлігіне - 488,3 миллион. Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне - 168, 2 миллион. Дін істері және азаматтық қоғам министрілігіне - 73,4 миллион теңге", - дейді министрлік өкілдері.
Бұл шығындар аясында шетелге шығару мақсатында мәдени шығармаларды аудару мен бейімдеу, елдің қасиетті орындары туралы энциклопедия шығару және деректі фильмдер түсіру, 100 жаңа оқулықта қаза тіліне аудару жоспарланған.
Бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті қадағалайтын болады.
"Қадағалау жүргізудің мақсаты - заңбұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу, сондай-ақ аудит жүргізетін орын бұзушылықтарды өздігінше түзйтін болады. Комитет ескертулерін уақытында орындаушылар әкімшілік жауапкершіліктен құтылады. Бұл бұзушылықтарды болдырмаудың нақты механизмі. Егер ескертулер орындалмай жатса, қаржы бөлу тоқтатылады", - дейді министрлік өкілдері.