Бағдат Қожахметов Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бағдат Қожахметов Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі корреспондентіміздің ресми сұрауына жауап ретінде Қожахметовпен келісімшарт бұзылғанын хабарлады.
"Тараптардың келісімі бойынша 2020 жылы 29 қазанда келісімшарт бұзылды. Сонымен қатар, министрлікте Б.Б Қожахметовтың алдағы жұмыс орны туралы мәлімет жоқ екенін хабарлаймыз", - деп жазды ведомство өкілдері.
Қожахметов телефон арқылы берген сұхбатында өзінің кетуін "миссиясын орындағанымен" түсіндірді. Енді ол бизнеске көбірек уақыт бөлгісі келеді.
"Мен ерікті түрде көмектестім. Дәрігерлер мені үш рет өлімнен құтқарды. Коронавирус жұқтырып, сауықаннан кейін ақ халатты абзал жандарға алғыс ретінде оларға коммуникация реттеуге көмектесу парызым деп шештім. Медиа орталық құрып, жақсы баспасөз хатшысын табуға көмектестік, біз жүйені ретке келтірдік.
Қазір бәрі жұмыс істеп тұр, яғни менің функциям орындалды. Менің өз бизнес-жобаларым бар, оларға көбірек көңіл бөлуім керек", - деді Бағдат Қожахметов.
Ол қызметінен ведомствомен жанжалға байланысты кетті деген қауесетті де жоққа шығарды.
"Қандай дау болуы мүмкін? Олар риза, барлығы бақытты", - деді ол.
Бағдат Қожахметов Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып биыл шілдеде тағайындалған болатын. Ол брифингтерде сөз сөйлеп, журналистердің сұрақтарына жауап беріп жүрді.
Бағдат Қожахметов медиадағы карьерасын 1991 жылы бастаған, теледидарда диктор болған. Ол көп жылдар бойы ірі ұйымдардың PR бөлімінде жұмыс істеген, ІІМ ресми өкілі де болған.
Ол "31 арнаны" жеті жыл басқарған. Ал директор қызметінен 2018 жылы кеткен.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!