07 ақпан 2018 | 12:45

Қожамжаров әрбір прокурорға жауапкершілік жайлы ескертуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша өңірлерде Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен жиналыстар өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша өңірлерде Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен жиналыстар өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша бас прокурордың орынбасарлары, орталық аппарат қызметтерінің басшылары аумақтық прокуратура органдарының жеке құрамымен көшпелі жиналыстар өткізді.

"Облыс прокурорлары өз кезегінде Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша заңды іске асырудағы алғашқы нәтижелері туралы есеп берді. Мысалы, қылмыстық қудалау органдары 300-ден астам сотқа дейінгі тергеуді электронды форматта жүргізуде, 100-ден астамы бұйрық өндірісі тәртібінде", - деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ, Бас прокуратура өкілдерінің әріптестеріне азаматтарды қылмыстық процеске заңсыз тартуға, әуре-сарсаңға салу және тергеудің төмен сапасы үшін жауапкершілік артылатыны туралы ескерткені айтылады.

"Арнайы прокурорлардың алдына шектеусіз тұлғалар қатарының құқықтарына қатысты немесе мемлекет мүддесіне қомақты зиян келтірумен байланысты қылмыстық істерді  тергеу міндеттері қойылды. Қайрат Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша әрбір прокурор жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Ар-намыс кодексі мен қызметтік тәртіптің, соның ішінде жұмыстан тыс уақытта да сақталуына қатаң жауапкершілік жүктелетіні туралы ескертілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети