Қожамжаров Жаманқұлов жайлы: Ел алдында жүрген адам айыпталушы болады деп кім ойлаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© azh.kz © azh.kz

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі,

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі,

"Кейде қоғам бастапқыда не болып жатқанын түсінбей жатады. Себебі елімізде қылмыстық қудалауға көбінесе танымал адамдар түсіп жатады. Олар түрлі салаларда - шығармашылықта да жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы, Жаманқұлов. Халық әртісі, еліміздің сүйікті азаматы айыпталушы болады деп кім ойлаған. Біз дәлелдерді көрсетуіміз керек", - деді Қожамжаров алқа отырысында.

Сондай-ақ, Қожамжаров CentralAsiaMonitor бас редакторы, Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллинге қатысты пікір білдірді.

"Ғабдуллинге қатысты қылмыстық істің басталып жатқан сәті есімде. Сонда журналистер менен дәлелдерді көрсетуімді сұраған болатын. Сот ашық түрде өтті, ол кінәсін мойындады. Барлық дәлелдер мен тергеу жұмыстарының нәтижелері қоғам алдында көрсетілді. Сондай-ақ, оның "маған белгілі бір сомада тапсырыс бермесеңіздер, қиындықтар болады" деп айтқаны туралы дәлелдер бар. Бигелді Ғабдуллин расында да осыған ұқсас мақалаларды жазып жүрген", - деді Қожамжаров.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 2 қарашасында қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған болатын. Тергеудің мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол - "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы", - делінген еді хабарламада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro