08 ақпан 2017 | 12:53

Қожамжаров жемқорлықтың жол сапасына қалай әсер ететінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 7kun.kz © 7kun.kz

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров жемқорлықтың жолдардың сапасына қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров жемқорлықтың жолдардың сапасына қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Қожамжаров алқа отырысы барысында жемқорлық деректерін қатаң түрде тоқтату қажеттігін айтып өтті.

"Мысалы, жақында Есеп комитетімен болған жағдайды мысал ретінде келтірейік. "Қазақавтожол" басшылығынан ақша бопсалаған екі аудиторды айтатын болсақ. Ал бұл ұйымның барлық облыста бөлімшесі бар. Сондықтан осындай сомадағы қаражатты жинауға "Қазақавтожолдың" барлық облыстағы басшылары тартылды. Әр басшы миллион теңгеден жинады", - деді Қожамжаров.

"Ол миллион теңгені қайдан алады? Ол да облыстағы ұйым басшыларынан, тендерлерді жеңетін ұйымдардың, жолдардың сапасына қарайтын және сонда жөндеу жұмыстарын жүргізетін, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар жолдарды жөндейтін мекемелердің басшыларынан ақша бопсалайды. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға ақша қайдан бөлінеді? Бұл өз кезегінде жолдардың сапасына әсер етеді. Көп адамдар осы мәселе бойынша наразылық танытып жатады ғой? Қазір әлеуметтік желілерден жолдардың сапасы қандай екенін көріп шығыңыздар. Міне, Есеп комитетінің қызметкерлері алған парадан осындай жағдай туындады. Сондықтан да мұндай жағдайларды тоқтату керек", - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 20 желтоқсанында "Қазақавтожол" басшылығы мен Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары ұсталған болатын. "Лауазымды тұлғалар жоспарлы түрде өтетін тексерістер кезінде "Қазақавтожол" бас директоры С.Мұқашевтан мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражатындағы ереже бұзушылықтарды көрсетпеу үшін 16 000 000 теңге көлемінде пара алған. Сондай-ақ, бұл қылмысқа "Қазақавтожолдың" облыстық филиалдарындағы басшылары да тартылған. Олар мемлекеттік аудиторларға пара жинап жүрген", - делінген еді хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети