Қожамжаров пен Франкфурт прокуроры ынтымақтастық мәселелерін талқылады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Франкфурт қаласының бас прокуроры Альберт Шрайбермен ынтымақтастық мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Франкфурт қаласының бас прокуроры Альберт Шрайбермен ынтымақтастық мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қайрат Қожамжаров ҚР Президентінің қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау, тараптардың бәсекелестік деңгейін арттыру және әсіре қатаңдықты төмендету бойынша жүргізіп отырған саясаты туралы айтты.

"Мемлекет басшысы өткен жылдың желтоқсан айында құқық қорғау қызметін жаңғырту туралы заңға қол қойды. Осы заң Германияның тәжірибесі бойынша ұстау мерзімін 48 сағатқа дейін кемітіп, адам құқықтарын шектейтін санкциялардың бәрін сотқа берді және бұйрықтық іс жүргізуді енгізді", - деді Қайрат Қожамжаров.

Сондай-ақ, Гессен жер сотының президенті Вильгельм Вольф пен Франкфурт қаласының бас прокуроры Альберт Шрайбер Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жөніндегі белсенді ұстанымы жайлы сөз қозғады.

"Қазақстанның Бас прокуроры ведомстволар арасындағы қалыптасып отырған қарым-қатынастар нығая түсетініне және екі мемлекеттің аумағында да заңдылық пен құқық тәртібін одан әрі қамтамасыз ету мақсатында дамитынына сенім білдірді", - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro