Қайрат Қожамжаров Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл Жарлық Ақорданың ресми сайтына жарияланды.
Сонымен қатар, Ғабит Байжанов Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ, Абай Бисембаевты Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы етіп тағайындау туралы жарлық жарияланды.
Еске сала кетейік, 29 сәуірде Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Осыдан кейін Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің өкілеттігін доғаруға байланысты "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды.
Сонымен қатар, облыс әкімдері және Астана мен Алматы қалаларының басшылары отставкаға кетіп, Президентке тікелей бағыныстағы және оған есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларын қызметінен босатылды.
Кейін Мемлекет басшысы премьер-министр қызметіне Кәрім Мәсімовты ұсынды. Бұдан кейін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары премьер-министрлікке ұсынылған Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын мақұлдаған болатын. Сондай-ақ, министрлер де өз орындарында қалды. Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері де қайта тағайындалды.