Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы Қайрат Қожамжаров төрт облыстағы антикоррупциялық қызмет бөлімшелерінің басшыларын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы Қайрат Қожамжаров төрт облыстағы антикоррупциялық қызмет бөлімшелерінің басшыларын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департамент басшысы болып Нұрлан Қамбатыров тағайындалды. Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшеге Мақсұт Нәлібаев басшы болып келді. Данияр Үсенов Маңғыстау облысы бойынша антикоррупциялық қызметінің басшысы қызметіне келді.
Еске салайық, осыған дейін Қостанай облысы бойынша антикоррупциялық қызметтің басшысы қызметіне Елдос Сағиев келген еді. Сонымен қатар, Ұлттық бюро төрағасының бұйрығымен жедел-іздестіру қызметі жөніндегі департамент басшысының орынбасары болып Асылбек Беркімбаев тағайындалған еді.