"Қожайындары қаражат салмаған". Смайылов Риддер жылу электр орталығына барды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласындағы ЖЭО жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласындағы ЖЭО жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің айтуынша, Бүгінде станциядағы 6 қазандықтың 2-уі іске қосылған. Жақын арада тағы біреуі іске қосылып, тұрғындар жылумен толық қамтамасыз етіледі деп күтіледі.

Сонымен қатар, қалған агрегаттар мен қосалқы жабдықтарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, бүгінде мазут сорғы стансасын, отын беру трактісін, турбогенератор және байланыс трансформаторларын жөндеу, жылу желілерінде гидравликалық режимді қамтамасыз ету үшін сорғы станцияларын электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары аяқталған.

Қазандық пен турбиналық цехтардың шатыры жөнделді. Көмір тасымалданатын теміржолдарды жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын. Премьер-министр өткен жылыту маусымында Риддер ЖЭО апатты жағдайда жұмыс істеп, жиі тоқтап қалғанын, нәтижесінде тұрғындар қыстың көзі қырауда жылусыз қалғанын атап өтті.

"Бұған бұрынғы қожайындардың станцияны жаңғырту мен жөндеу жұмыстарына қаражат салмағаны себеп болды. Осының барлығы ЖЭО-ның әбден тозуына әкеп соқты. Республикалық бюджеттен 8,4 млрд теңге бөлуге мәжбүр болдық. Облыс әкімдігі өз тарапынан 500 млн теңгеге жуық қаржы бөлді. Осы уақытқа дейін жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Алдағы жылыту маусымының дұрыс өтуі үшін олардың уақтылы аяқталуы маңызды. Мұны күні-түні қадағалап отыруымыз керек", - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, ол ЖЭО-ны коммуналдық меншікке беру процесін жеделдетуді тапсырды. Нысанда премьер-министрге аймақтың жылу беру маусымына дайындығы туралы да баяндалды. Бүгінгі таңда бюджеттік ұйымдарды (830-дан астам нысан), тұрғын үйлерді (3 мыңнан астам), инженерлік желілер мен қазандықтарды дайындау жұмыстары аяқталды. ЖЭО мен су электр стансаларында да осыған ұқсас жағдай, дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer