Алматы қаласында Көк базар орнында жаңадан соғылған сауда кешені мен паркинг 2016 жылдың 1 қыркүйегінде ашылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауабында "Компания Достар-Коммерц" ЖШС директоры Ерлан Қалиев айтты.

Оның мәліметінше, сауда кешенін салу кезінде құрылыс материалдарының 80 пайызы елімізде өндірілген. "Төрт қабаттың құрылысы қарастырылып отыр: оның ішінде 2 қабаты - екі ярусты жер асты автопаркингі және екі қабаты - жер үсті екі қабатты сауда кешені. Құрылыста 150 адам жұмыс істеп жатыр. Шамамен құрылыс бюджеті 2,5 миллиард теңге", - деп хабарлады Қалиев.
Ол ескі киім-кешек павильонының ғимараты аңа сауда кешенімен өткел арқылы жалғасып кететінін де айтты.
© Николай Колесников/Tengrinews.kz