Алматыдағы Көк базардың бас директоры Ардақ Айтбаев жалға алу ақысы үш есеге өседі деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы Көк базардың бас директоры Ардақ Айтбаев жалға алу ақысы үш есеге өседі деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Көк базардың әкімшілігі шарттық міндеттемелерді бұзып, сауда орындарын қымбатқа жалға беретіндерді анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, жалға алу тарифтерін көтеру жоспарда жоқ.
"Көк базар сауда базарының әкімшілігі шарттық міндеттемелер мен заң шеңберінде әрбір істі жеке қарайды, әрбір жеке жағдайды жан-жақты тексереді. Біз заңды түрде жұмыс істейтін әрбір адал жалға алушының құқықтары мен мүдделерін қорғаймыз.
Осылайша, әкімшілік кәсіпкерлердің қызметін ашық бағытқа бағыттап, сол арқылы барлық тараптардың тең ынтымақтастығы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етуді мақсат етеді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматыда Көк базардың 200-ге жуық сатушысы жалға алып отырған орындарының үш есе қымбаттауына байланысты наразылығын білдірген болаты.
Жалға алып отырған сатушылардың сөзінше, бұған дейін олар шаршы метріне бес мың теңге төлеген болса, енді бұл сома 15 мың теңгеге көтеріліп кеткен. Базар әкімшілігі жаңа ереже 1 қарашадан бастап күшіне енетінін айтыпты-мыс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!