Көк-Жайлауда кеш ұйымдастырған алматылыққа 277 800 теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көк-Жайлауда кеш ұйымдастырған алматылыққа 277 800 теңге айыппұл салынды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері карантин кезінде Алматыдағы Көк-Жайлау шатқалында болған ережебұзушылыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік 24 мамырда Көк-Жайлауда бірнеше адамның жиналғанын растады.

"Карантин ережесіне байланысты Алматы қаласы аумағында экологиялық бекеттер мен (8 экобекет) Іле-Алатау ұлттық саябағына кіруге тыйым салынады. Алайда Іле-Алатау аумағы үлкен болғандықтан көбі ол жаққа тау арқылы шығып алады. Оны саябақ қызметкерлері бақылай алмайды", - дейді министрліктегілер.

888 SAB 02 көлігінің жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабының 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылғаны айтылады. Сондай-ақ, оған 100 АЕК мөлшерінде (277 800 теңге) айыппұл салынғаны белгілі болды.

Еске салайық, осыған дейін алматылықтардың карантин кезінде Көк-Жайлауда кеш ұйымдастырғаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети