"Көк" статусты адамдар үшін кейбір шектеулер алынды

"Көк" статусты адамдар үшін кейбір шектеулер алынды

Бас мемлекеттік санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова бірден екі қаулыға қол қойды, онда "көк" статусы бар қазақстандықтар үшін кейбір шектеулер алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас мемлекеттік санитария дәрігер Айжан Есмағамбетова бірден екі қаулыға қол қойды, онда "көк" статусы бар қазақстандықтар үшін кейбір шектеулер алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 ақпаннан бастап келесі шектеулер күшіне енеді:

  • Бейтарап "көк" мәртебесі бар келушілер үшін "қызыл" аймақтағы көп адам жиналатын орындарға - СОО, сауда үйлері мен сауда желілеріне, көрмелерге, караоке, түнгі клубтарға, спорт кешендеріне, бассейндерге, спорттық іс-шаралар мен марафондарға, сауықтыру және діни объектілерге, ойын клубтарына, казиноларға барған кезде, сондай-ақ үй-жайларды 70 пайызға дейін толтырған кезде салтанатты, естелік, ойын-сауық және өзге де іс-шараларға шектеулер алынды.
  • Қызметтің барлық түрі үшін "сары" аймақтағы шектеулер алынды.
  • Ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау жойылды.
  • Pfizer вакцинасын қолдану арқылы вакцинациялауға жататын адамдардың тізімі кеңейтілді: бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және вакцинаның бірінші дозасын шетелде алған адамдар бастапқы курсты аяқтай алады.
  • Pfizer вакцинасын қолданып, қайта вакцинациялауға жататын адамдардың тізімі кеңейтілді: бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар.

Құжаттың толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети