“Көк-Төбе“ тұрғын үй кешенін салу кезінде миллиардтар ұрланған: мердігер 7 жылға сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Көк-Төбе“ тұрғын үй кешенін салу кезінде миллиардтар ұрланған: мердігер 7 жылға сотталды Фото: ҚМА

Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу дерегі бойынша "Дорстройтрест" ЖШС басшысына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу дерегі бойынша "Дорстройтрест" ЖШС басшысына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті тергеу жүргізді. Samruk-Kazyna Construction АҚ мен "Дорстройтрест" ЖШС арасында құрылысқа инвестиция тарту туралы шарт жасалып, соның аясында мердігерге 2,6 млрд теңге аванс аударылған.

"Алайда құрылыс жұмыстары тиісті талаптарға сәйкес жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Аванстың едәуір бөлігі құрылысқа қатысы жоқ қарызды өтеуге және көлік сатып алуға жұмсалған. Бұдан бөлек 650 млн теңге жалған шарттар арқылы аффилирленген компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған", - делінген хабарламада.

Сот үкімі

Сот үкімі бойынша, "Дорстройтрест" ЖШС басшысы Нұрабаев кінәлі деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот шешімімен жалпы құны 131 млн теңге болатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Ал Samruk-Kazyna Construction АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети