17 қараша 2020 | 16:02

Қоқиқаздарды видеоға түсірген ақтаулыққа айыппұл салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоқиқаздарды видеоға түсірген ақтаулыққа айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қоқиқаздарды видеоға түсірген ақтаулыққа айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маған әлі айыппұл салынбады, хаттама толтырайын деп жатыр. Заңды бұзған шығармын мүмкін, бірақ олар не үшін жауапқа тартқысы келетінін түсінбеймін.

Олар маған дүйсенбіде қоңырау шалып, неге сол жерде видео түсіргенімді сұрады. Кім рұқсат берді деп сұрады. Қандай рұқсат туралы айтып жатқанын түсінбедім. Олар менен неге қорық аймағында түсіріп жатырсыз деп сұрады. Бұл үшін жауапкершілікке тартыласыз деді.

Мен қорық аймағында видео түсіруге болмайтынын білмедім. Әрине, мен қоқиқаздарды мазалағанымды мойындаймын, қандай да бір құқықбұзушылық бар шығар. (...) Бірақ мен бұл баптың нені білдіретінін түсінбеймін. Дронмен тыйым салына ма?", - дейді Азамат Сәрсенбаев.

Ролик авторының айтуынша, хаттама Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 378-бабы ("Өсімдіктер өсетін жерлер мен жануарлардың тіршілік ету ортасын қорғау қағидаларын, Зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз көшіру, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру") бойынша толтырылмақ.

Азамат Сәрсенбаев айыппұл салынса, төлейтінін айтады. Бірақ ол шешіммен дауласымен дейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sarsenbayev Azamat (@azamat_sarsenbayev)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети