25 ақпан 2014 | 19:16

"Көкжайлау" құрылысына жер берудің негіздемесі жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкжайлау шатқалының солтүстік бөлігінің ландшафты. ©Gis-terra.kz Көкжайлау шатқалының солтүстік бөлігінің ландшафты. ©Gis-terra.kz

Алматыда "Көкжайлау" тау шаңғысы курорты құрылысына жер телімдерін ауыстырудың тиімділігі жобасы таныстырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының ерекше қорғауға алынған жерлерін курорт құрылысына арналған аумаққа ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау тендерін жеңіп алған "Қашықтан зондтау орталығы" ЖШС мен "Терра" ГАЖ сарапшылары айтты. Курорт құрылысына мың гектар жер қажет, бұл - Іле Алатауы саябағының жалпы ауданының 0,5%-ы. Сарапшылардың қорытындысына қарағанда, құрылыс пен курортты пайдалану, тұтастай алғанда, ұлттық саябақтың экологиялық жүйесіне кері әсер етпейді. Құрылыстың барлық кезеңінде табиғи ландшафттарға, биоалуантүрлілікке, аумақтың қоршаған ортасының ахуалына тигізетін әсерді азайтатын қазіргі заманғы технологиялар қолданылады. Дегенмен курорт орталығы мен курорт деревнясы учаскелері құрылысының жекелеген кезеңдерінде жасыл желекке, әсіресе, Шренк қарағайына шығын келуі мүмкін. Құрылыс аумағына тап келетін орманды алқап ауданы - 21,5 гектар, оның 2,3 гектары - табиғи желек, жасанды желегі - 19,2 гектар. Техникалық-экономикалық негіздемені жасаушылар орманды алқапты көгалдандыру элементі ретінде мейлінше сақтап қалу керек деп есептейді. Сонымен бірге, оталған желек орнына өтем ретінде ағаш егу көзделіп отыр. Құрылыс жүргізілетін аумаққа сәйкес келіп отырған жерлерде барлығы 22 644 ағаш бар. "Олардың ішінде, алдын ала мәлімет бойынша, 2860 ағаш қайта отырғызылуы мүмкін, бірақ мүлікті жекешелендіру кезінде ағаштардың өміршеңдігі есепке алынған соң іс жүзінде отырғызылатын ағаш саны бұдан көп те болуы ықтимал", - делінген хабарламада. Алынған мәлімет бойынша, отауға тура келетін ағаштардың орнына 58 мың жаңа тал егіледі. Бұған қоса, мемлекеттік қазынаға 1 824 259 теңге сомасында шығын төленеді. Жоба авторлары "Көкжайлау" сияқты мақсатты жұмыс істейтін нысандар жабайы туристер ағымын айтарлықтай деңгейде азайтып, ұлттық саябақтың табиғи кешендерін сауықтыру жұмыстарын қысқартады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети