Көкпекті апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкпекті апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды Фото newskaz.ru сайтынан

Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданының Көкпекті аулындағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданының Көкпекті аулындағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

"Төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді департамент басшысы Мергенбай Жаппаров. Ал облыс әкімі Бауыржан Әбдішев зардап шеккен барлық азаматтардың шығындарын өтеп беруге уәде берді. "Қазіргі 14 топ әрбір көше бойынша жұмыс істеп жатыр. Бүгін бізде жалпы мәлімет болады. Арнайы комиссия бәрін тіркеп алғаннан кейін шығындарды өтеуге кірісеміз. Апатта қайтыс болған азаматтардың отбасыларына да көмектесіп, жерлеуді өз мойынымызға аламыз", - деп атап көрсетті облыс әкімі.

Айта кетейік, 31 наурызға қараған түні Көкпекті суқоймасының бөгетін су шайып, іргедегі ауылдың 100 үйі су астында қалды. Ал облыс әкімдігінің ақпаратына бойынша, бүгінде су басқан үйлердің саны 300-ге дейін жетті. 400-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғи апат төрт адамның өмірін қиып кетті. Бұқаралық ақпарат құралдары тағы бір адамның мәйіті табылғаны туралы хабар таратқан болатын. Алайда төтенше жағдайлар қызметі ол адамның өлімі топан сумен байланысты емес екенін, мәйіт төтенше жағдай аумағынан тыс жерден табылғаны туралы айтып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети