Үкіметтің бүгінгі отырысында төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Көкпекті апатында қайтыс болған азаматтардың есімдерін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Көкпекті апатында қайтыс болған азаматтардың есімдерін жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр атап көрсеткендей, Көкпекті ауылын су басқаннан кейін жүргізілген апаттық-құтқару жұмыстары барысында 5 адамның жансыз денесі табылған болатын. "Олар - 1924 жылы туған Ноғаев, 1926 жылғы Нагибина, 1942 жылы дүниеге келген Ромашенко, 1963 жылғы Ноғаева және 1979 жылы туған Скибицкий есімді азамат", - деді В.Божко Үкіметтің бүгінгі отырысы барысында. Бұдан бұрын 26 адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың 6-уы ауруханаға жатқызылды.
Айта кетейік, наурыздың 31-іне қараған түні Қарағанды облысының Бухар жырау ауданына қарасты Көкпекті аулына жақын тұрған су қоймасы тасып, біраз үйлерді су басты. Министр В.Божконың айтуынша, қойманың тасып жатқаны туралы ақпарат 7 сағат бұрын, яғни наурыздың 30-ы күні кешкі сағат 18:33-те түскен болатын.