Қарағанды облысының Көкпекті аулына жақын тұрған тоғанды су шайып, соның салдарынан 300 үйді су басып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Қарағанды облысының Көкпекті аулына жақын тұрған тоғанды су шайып, соның салдарынан 300 үйді су басып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі 100 үйге судың кіргені туралы хабарлаған болатын. Ал Қарағанды облыстық әкімдігінің бүгінгі ақпаратына сәйкес, су басқан үйлердің саны үш есе өсті. "Наурыздың 31-і сағат 1.30-да тоғанды су шайып, соның салдарынан Көкпекті ауылының шамамен 300 үйін (барлығы 810 үй бар) су басты", - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Бүгінде Көкпекті өзені бойымен тұратын 350-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқару жұмыстарына 25 арнайы техника және жедел медициналық көмектің 10 бригадасы қатысып жатыр. Штаб ашылып, мектеп асханасында тамақ берілуде.